«Сен керемет болсаң, қатыныңды ұрып, шешеңнің юбкасының астынан шыға аласың ба?»: Коуч қазақ еркектері жайлы бар шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Сен керемет болсаң, қатыныңды ұрып, шешеңнің юбкасының астынан шыға аласың ба?»: Коуч қазақ еркектері жайлы бар шындықты айтты

«Сен керемет болсаң, қатыныңды ұрып, шешеңнің юбкасының астынан шыға аласың ба?»: Коуч қазақ еркектері жайлы бар шындықты айтты

Белгілі коуч, психолог Роза Әшірбаева қоғамдағы еркектер мен әйелдер отырысы жайлы бар шындықты жайып салды.

  • 9 Тамыз 2023
  • 46
Фото - Caravan.kz


Ол қазақ қоғамында ер адамдар бүгінде ұсақталып кеткенін ашып айтты, деп жазады Caravan.kz порталы.

Өз ойын танымал психолог әдеттегідей желідегі парақшасында баяндады.

«Сен керемет болсаң, қатыныңды ұрып, шешеңнің юбкасының астынан шыға алмасаң, сондай достарыңды танысаңдар да, олар ондайды айтпайды отырыстарда. Біз қыздар жиналған кезде не істейміз? Қатындар жиналып алып өсек айтасыңдар, отырыстарыңнан пайда жоқ деп жатады. Біз біріншіден өтірік мақтанамыз. Бәрін қатырады, менің төрем, мырзам деп отырамыз. Екінші кезең ене, қайынбикені жамандаудан жарысамыз. Үшінші кезеңде қиналып кететінімізді, күйеудің қанды ішетінін айта бастаймыз. Сол кезде біз бәріміз бір-бірімізге көмектесе бастаймыз. Біз әйелдердің отырысынан энергия алып, күшті мотивациямен кетеміз. Еркектер керісінше «әйел адам осындай» болу керек деп, оларға қатаң ереже жазумен болады», — деп сөзін аяқтады коуч.