«Үш күн қауын-қарбыз болады дедіңдер, енді не қыл дейсіңдер?!»: Танымал блогер тәжіктердің жәрмеңкесіндегі «ұят» жағдайға әншілерді кінәлады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Үш күн қауын-қарбыз болады дедіңдер, енді не қыл дейсіңдер?!»: Танымал блогер тәжіктердің жәрмеңкесіндегі «ұят» жағдайға әншілерді кінәлады

«Үш күн қауын-қарбыз болады дедіңдер, енді не қыл дейсіңдер?!»: Танымал блогер тәжіктердің жәрмеңкесіндегі «ұят» жағдайға әншілерді кінәлады

Белгілі блогер Мөлдір Анарбаева тәжіктердің жәрмеңкесінде болған ұят жағдайға атақтылар мен әншілерді де кінәлады.

  • 28 Тамыз 2023
  • 87
Фото - Caravan.kz


Айтуынша, олар алдын ала жарнамалап, халықтың көптеп келуіне себепкер болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Блогердің сөзінше, астаналықтарға мұндай әрекет ұят болған екен.

«Астананың халқы элита екен деп, барайын десек, қауын-қарбызға таласып жатырсыздар ғой? Тәжікстаннан келгендерге ұят болды. Өләәә… Ана әншілер мен атақтылар да оңбайды, үш күн бойы осы жерде қауын-қарбыз болады, деп айттыңдар ғой? Енді не қыл дейсіңдер? Тегінді халық жақсы көреді, тегін дедіңдер ма, болды, халық көп барады. Кеше қайта қарбыз-қауынмен атыса ма деп едім, саған да, маған да жоқ деп. Таласып, тоңқаңдап жатыр, тегін өйткені… Қауын-қарбыз деген Астанада да арзандаған шығар, ұят болды ана тәжіктерден, аш екен мыналар деген шығар… Кейде біреудің үйіне барғанда әшейінде жемейтін кәмпит жеп, әшейінде ішпейтін сорпаны ішем деп, бәле қылады ғой? Мынау сол сияқты болды», — деді ол.