«Қарбызды болып, қалғаны түйе еді»: Тәжік жәрмеңкесінде тұтастай түйе етін талан-таражға салғандардың тағы бір масқара видеосы тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қарбызды болып, қалғаны түйе еді»: Тәжік жәрмеңкесінде тұтастай түйе етін талан-таражға салғандардың тағы бір масқара видеосы тарады

«Қарбызды болып, қалғаны түйе еді»: Тәжік жәрмеңкесінде тұтастай түйе етін талан-таражға салғандардың тағы бір масқара видеосы тарады

Тәжік жәрмеңкесі аяқталғанымен, атышулы мерекелік күнге қатысты шу әлі де басылар емес.

  • 29 Тамыз 2023
  • 82
Фото - Caravan.kz

Қауын-қарбызды талан-таражға салған астаналықтардың енді тұтастай түйе етін бөлшектеген видеосы тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оқиға куәгері таратқан видеода ер адамның түйе тушасының жанында тұрған аспазды елемей, аяғын тұтастай алып жатқан сәті көрініп қалған.

Айта кетерлігі, тәжік аспаздары астаналықтарға түйені бөлшектемей, бүтіндей пісіріп таң қалдырмақ болған. Десе де, елордалықтар бұған көнбеген. Олар түйе етінің маңында тұрған тәжік азаматтарын елемей, түйені тұтастай жұлқи жөнелген.

Тұрғындардың мұндай әрекеті көптің ашуын келтірді. Олар: «Бұл халықтың істегендері аштыққа жатпайды, надандық, мәдиниетсіздік», «Жілік-жілік жылқы етін жеп жүрген қазағым, бұл қалай болғаны ұят болды ау ұят болды ау тәжіктерден», «Тәжіктерге күлкі болдық» деп жазды олар.