Тоқаев Қырғызстанға жеделхат жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 473.59
  • 544.68
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Қырғызстанға жеделхат жолдады

Тоқаев Қырғызстанға жеделхат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдап, Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

  • 31 Тамыз 2023
  • 1460
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Қазіргі Қырғызстанның жетістіктері Қазақстанда зор ықыласпен қабылданады, сондай-ақ көпжақты ынтымақтастығымызды достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында одан әрі нығайтуға баса назар аударылады. Бірлескен күш-жігердің арқасында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы бауырлас халықтардың игілігі үшін нығая беретініне сенімдімін», – деп жазылған жеделхатта.