Таиландта теңізге батып кеткен марқұмның ата-анасы оқиға орнында жүр - СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 473.59
  • 544.68
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таиландта теңізге батып кеткен марқұмның ата-анасы оқиға орнында жүр - СІМ

Таиландта теңізге батып кеткен марқұмның ата-анасы оқиға орнында жүр - СІМ

Сыртқы істер министрлігі Таиландтың Пхукет аралында 18 жастағы қазақстандықтың суға батқаны жайлы мәліметті растады.

  • 3 Қыркүйек 2023
  • 26
Фото - Caravan.kz

«1 қыркүйек күні консулға Пхукет жағалауында жас жігіттің суға батып кеткені және оның Қазақстан азаматы болуы ықтимал деген мәлімет келіп түсті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Екі күнге созылған іздестіру жұмысынан кейін таиландтық құтқарушылар 2005 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты.

Марқұмның ата-анасы Пхукетке келіп жетті және денені танып, анықтау процедурасына қатысады», — делінген ведомствоның мәліметінде.