«Алдында аста-төк дастархан»: Сотталған Серік Күдебаевтың «вип» түрмеде отырған суреті тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алдында аста-төк дастархан»: Сотталған Серік Күдебаевтың «вип» түрмеде отырған суреті тарады

«Алдында аста-төк дастархан»: Сотталған Серік Күдебаевтың «вип» түрмеде отырған суреті тарады

Алматы және облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың «вип» камерада отырған суреті тарады.

  • 4 Қыркүйек 2023
  • 25
Фото - Caravan.kz


Көпшілік экс-полицейге не себепті мұндай жағдай жасалған деп түсінбей дал, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Күдебаевтың түрмедегі суретін журналист Гүлмира Әбіқай бөлісті.

«Күдебаев абақтыда отырып, желіні шулатып жатыр. Қасына сайдың тасындай 11 жігіт жайғасып, алдына аста-төк дастархан жайылған фотоға қатысты КУИС былай деді: “Сотталушылар туыс-жақындары әкелген түрлі тағамды алуға, бос уақытында арнайы бөлінген орында тамақтануға хұқы бар. Ал, камерада телефон қолдану мен бұл сәтте бейне бақылау камерасы неге жабық болды бұған қатысты қызметтік тергеу басталды”.
Серік Күдебаев ұзақ жылдар бойы Алматы мен облыстық ПД басқарды. Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған адамдарды азаптағанын көре тұрып генерал араша түспеді деп айыпталған еді. Сот үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылған Күдебаев жазасын Өскемен қаласында өтеуде», — деп жазды ол.