Әкесінің айлығын құмар ойынға салып жіберген ақтөбелік азамат өзіне қол жұмсаған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкесінің айлығын құмар ойынға салып жіберген ақтөбелік азамат өзіне қол жұмсаған

Әкесінің айлығын құмар ойынға салып жіберген ақтөбелік азамат өзіне қол жұмсаған

Полиция бөліміне өз үйінде өзіне қол жұмсаған жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстың 23 жастағы тұрғыны букмекерлік кеңседе 1 миллион екі жүз мың теңгеге жуы?

  • 8 Қыркүйек 2023
  • 24
Фото - Caravan.kz

Облыстың 23 жастағы тұрғыны букмекерлік кеңседе 1 миллион екі жүз мың теңгеге жуық ақша ұтылғаны белгілі болды. Салдарынан жас жігіт өз-өзіне қол салған.

Жігіт бұл қадамға келесі күні туған күні болатын әкесінің барлық жалақысын ставкаға салып ұтылғаннан кейін барған. Жарты жыл ішінде ол құмар ойындарда 1 миллион 200 мың теңгеге жуық ақша ұтылған.

Мұның бәрі ойын автоматтарынан басталған, содан кейін бұл ставкаларға ұласқан. Құмар ойындарда үлкен ақшаны жоғалтқаннан кейін арты осындай қайғылы жағдайға алып келген.