Тоқаев Қазақстан халқын Отбасы күнімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Қазақстан халқын Отбасы күнімен құттықтады

Тоқаев Қазақстан халқын Отбасы күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Отбасы күніне орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 
 

  • 10 Қыркүйек 2023
  • 18
Фото - Caravan.kz

Президент әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек екенін баса атап өтті.

"Өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды. "Отан отбасынан басталады" деп бекер айтылмаған. Салт-дәстүрге құрмет те, туған елге сүйіспеншілік те қасиетті қара шаңырақтан бастау алады. Отбасы институты еңбекқорлық, білімпаздық, тілектестік сынды "Адал азаматқа" тән қасиеттерді қоғамда жан-жақты дәріптеу арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосады".

Қасым-Жомарт Тоқаев