Ресей мен Беларусь Премьер-Министрлері Қазақстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей мен Беларусь Премьер-Министрлері Қазақстанға келеді

Ресей мен Беларусь Премьер-Министрлері Қазақстанға келеді

25-27 қыркүйекте Иннопром. Қазақстан-2023» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтеді.

  • 12 Қыркүйек 2023
  • 40
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«2023 жылғы 25-27 қыркүйекте Астана қаласында «EXPO» халықаралық көрме орталығының аумағында «Иннопром. Қазақстан-2023» атты халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтеді. Көрменің мақсаты – өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, инвестициялар тарту, сауда ынтымақтастығын кеңейту және жаһандық тәжірибе алмасу», — деді ол ведомствода өткен брифингіде.

Оның дерегінше, көрмеде Қазақстан мен Ресейдің негізгі өнеркәсіптік компаниялары, сондай-ақ Армения, Беларусь және Еуразиялық экономикалық одақ, Пәкістан, Түркия, Үндістан, Иран, Әзербайжан және басқа да елдердің жекелеген компаниялардың экспозициялары ұсынылады.


«Іс-шараға жоғары қонақтар ретінде Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин мен Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Роман Головченконың қатысуы жоспарланған», — деді Айбек Смадияров.