Толассыз жаңбыр салдарынан 28 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Толассыз жаңбыр салдарынан 28 адам қаза тапты

Толассыз жаңбыр салдарынан 28 адам қаза тапты

Алдағы күндері тағы да қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. 

  • 13 Қыркүйек 2023
  • 23
Фото - Caravan.kz

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында соңғы үш күнде толассыз жауған жаңбыр салдарынан кем дегенде 28 адам қаза тапты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

India Today телеарнасының хабарлауынша, сенбіден бері штаттың бірнеше ауданында толассыз жауын жауып жатыр.

«Кейбір ауданда екі күнде 100 мм-ден астам жауын жауса, Бахрейч пен Барабанки аудандарында небәрі 24 сағат ішінде 250 мм-ден астам жауын жауған», — делінген хабарламада.

14-15 қыркүйекте штат бойынша тағы да қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр, одан кейін жаңбыр саябыриды.


Метеорологтар Бенгал шығанағының үстінде төмен қысымды аймақ қалыптасып жатқанын ескертеді, сондықтан алдағы екі-үш күнде жағалаудағы Одиша штатында да жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін.