Ақтөбеде 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол салды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол салды

Ақтөбеде 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол салды

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 13-қыркүйекте бөлімге 2007 жылы туған кәмелетке толмаған баланың мәйіті туралы хабарлама келіп түскен.

  • 14 Қыркүйек 2023
  • 23
Фото - Caravan.kz


Осы факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы «Өзіне өзі қол жұмсауға дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Жасөспірімнің өзіне-өзі қол жұмсауының себептері анықталып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін облыстың прокурорлары адамдардың өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары жиілегенін хабарлаған еді. Олардың дерегінше, аймақта күн сайын орта есеппен 2 суицид жасалады. Өткен жылы мұндай деректердің көбі Ақтөбе қаласында (143), Мұғалжар (5), Шалқар (4), Мәртөк, Әйтеке би (3-тен) аудандарында тіркелген.