Қай өңірдің тұрғындары жиі тәртіп бұзады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қай өңірдің тұрғындары жиі тәртіп бұзады

Қай өңірдің тұрғындары жиі тәртіп бұзады

 

  • 15 Қыркүйек 2023
  • 18
Фото - Caravan.kz

Биыл алғашқы жартыжылдықта ел аумағында 4,6 млн әкімшілік құқық бұзу фактісі тіркеліп, 4,5 млн тұрғын жауапқа тартылды. Мұндай деректерді ҚазАқпарат тілшісіне Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті ұсынды.

«Биылғы 6 ай ішінде 4 669 330 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,1%-ға көп (2022 жыл — 4 164 953 іс). Үстіміздегі жылы 4 521 580 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл да былтырмен салыстырғанда 17,6%-ға артық (2022 жыл — 3 846 080). Тоқтатылған істердің саны өткен кезеңмен салыстырғанда 9,5%-ға (76 944-ден 84 217-ға дейін) өсті», — делінген комитет ұсынған деректе.

Әкімшілік құқық бұзу фактілері әсіресе Алматы, Астана қалалары мен Түркістан облысында көп тіркелген.

Ал Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарында жасалған құқыққа қайшы әрекеттер аз.

1. Астана – 588 066 іс;

2. Алматы — 736 269 іс;

3. Шымкент — 226 789 іс;

4. Абай облысы — 61 966 іс;

5. Ақмола облысы — 246 057 іс;

6. Ақтөбе облысы — 123 961 іс;

7. Алматы облысы — 236 295 іс;

8. Атырау облысы — 184 235 іс;

9. Шығыс Қазақстан облысы — 239 568 іс;

10. Жамбыл облысы — 278 041 іс;

11. Жетісу облысы — 93 763 іс;

12. Батыс Қазақстан облысы — 136 949 іс;

13. Қарағанды облысы — 223 388 іс;

14. Қостанай облысы — 110 352 іс;

15. Қызылорда облысы — 155 121 іс

16. Маңғыстау облысы — 115 813 іс;

17. Павлодар облысы — 100 814 іс;

18. Солтүстік Қазақстан облысы — 129 503 іс;

19. Түркістан облысы — 393 571 іс;

20. Ұлытау облысы — 19 123 іс.

Биыл тәртіп бұзғандарға 91 млрд 316 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Өткен жылы осы аралықта 71 млрд 497 млн теңгеге әкімшілік хаттама толтырылған еді.

«Салынған әкімшілік айыппұлдың 58 млрд 474 млн теңгесі өндіріп алынды. Жалпы, айыппұл өндіру дәрежесі — 64%. Өндіріп алынбаған соманың қалдығы – 32 млрд 841 млн теңге», — делінген құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің дерегінде.

Айыппұл өндіру деңгейі жоғары өңірлер:

— Павлодар облысы — 96,1%;

— Батыс Қазақстан облысы — 78,8%;

— Ұлытау облысы — 77,9%;

— Ақмола облысы — 75,7%.

Бұл ретте өңірлер арасында Жамбыл облысында (27,9%) айыппұл өндіру өте төмен.