Бүгін бірнеше өңірде сулы қар жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін бірнеше өңірде сулы қар жауады

Бүгін бірнеше өңірде сулы қар жауады

"Қазгидромет" синоптиктері 22 қыркүйекте 15 өңірде ауа райы қолайсыз болатынын ескертті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертен облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с.

  • 22 Қыркүйек 2023
  • 71
Фото - Caravan.kz

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-батысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың шығысында 25 м/с.

Павлодар облысының солтүстік жартысында батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының
солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарда кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Кешке облыстың таулы аудандарда тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Алматыда нөсер жаңбыр жауады.

Қостанай облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 22 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. 22 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.