Ақтөбеде оралмандар күні ұйымдастырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде оралмандар күні ұйымдастырылады

Ақтөбеде оралмандар күні ұйымдастырылады

Қыркүйектің басында Ақтөбе облысының басшылығы "Оралмандар күні" деген атаумен жалпыхалықтық мәдени шара ұйымдастырмақшы. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Көші-қон және демография агенттігінің Ақтөбе облыстық басқармасының бастығы Жеткерген Оралмағанбетов хабарлады.

  • 26 Тамыз 2004
  • 590
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, шараның мақсаты — Ақтөбеге келген репатрианттардың тұрмыс-тіршілік, тауқыметтерімен жан-жақты танысу болып табылады.

Шара күндерінде қаладағы сахналарда театрландырылған қойылымдар көрсетіледі. Облыс орталығындағы көрме залында оралмандар қолымен жасалған бұйымдардың көрмесі ашылады. Қоныс аударыушылардың облыс басшылығымен кездесуін ұйымдастыру көзделіп отыр. Онда оралмандарды жұмысқа орналастыру және азаматтық алу проблемалары талқыланады.
Облыстық көші-қон және демография басқармасының мәліметі бойынша, қазір Ақтөбеге келген оралмандардың 60 проценттен астамында тұрақты жұмысы жоқ. 40 проценті күні бүгінге дейін Қазақстан азаматтығын алмаған.
Жалпы алғанда Ақтөбе облысында 6 мыңнан астам оралмандар тұрады. Олардың басым бөлігі Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, Ауғанстан және Ираннан көшіп келгендер.

Перейти к новостям спорта