Ресейде екі бірдей ұшақ апатына байланысты қаралы күн жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде екі бірдей ұшақ апатына байланысты қаралы күн жарияланды

Ресейде екі бірдей ұшақ апатына байланысты қаралы күн жарияланды

Тула және Ростов облысында болған екі бірдей ұшақ апатына байланысты 26-тамыз Ресейде қаралы күн деп жарияланды. Осындай Жарлыққа РФ президенті Владимир Путин қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.

  • 26 Тамыз 2004
  • 401
Фото - Caravan.kz

Қаралы күн жариялануына орай бүкіл ел аумағында жаппай Ресейдің мемлекеттік байрағы түсірілді. Мәдени мекемелер мен телерадиокомпанияларға көңіл көтеру шаралары мен бағдарламаларды кейінге қалдыру туралы ұсыныс жасалды.

Сондай-ақ, РФ үкіметі мен федерация субьектілерінің мемлекеттік билік органдарына қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетуге шаралар қолдану тапсырылды.
Соңғы мәлімет бойынша, 24-тамыз күні болған екі ұшақ апатынан 89 адам мерт болды.
Ресей әуежайлары осыған байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді.

Перейти к новостям спорта