Қарағанды облысында ұшақ құлап, 2 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында ұшақ құлап, 2 адам қаза тапты

Қарағанды облысында ұшақ құлап, 2 адам қаза тапты

Қарағанды облысында ұшақ құлап, 2 адам қаза тапты.

  • 1 Қазан 2023
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

"30 қыркүйек күні Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуын жасап жүрген P2002 үлгісіндегі UPLA286 ұшағы, ұшып шыққан уақыты 07.46-дан кейін байланысқа шықпады. Іздестіру жұмыстары барысында қираған әуе кемесі және қаза болған екі адам табылды. Көлік министрлігінің оқиғаларды тергеу департаменті аталған факті бойынша тергеуді бастады, — делінген Азаматтық авиация комитетінің мәліметінде.

Комитеттен нақтылағандай, әуе кемесі жергілікті уақытпен сағат 08.44-те Қарағанды облысының Доскей ауылынан 5 км жерде құлаған.