Юлия Путинцева әлемнің 30-ракеткасын жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Юлия Путинцева әлемнің 30-ракеткасын жеңді

Юлия Путинцева әлемнің 30-ракеткасын жеңді

Қазақстанның екінші, әлемнің 73-ракеткасы Юлия Путинцева Бейжің WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты.

  • 1 Қазан 2023
  • 280
Фото - Caravan.kz

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 30-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен шеберлік байқасты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап.

Жекпе-жектің фавориті чехиялық спортшы саналғанымен, Юлия Путинцева 6:2, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

Екі сағат 7 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Юлия 13 брейк-пойнттың бесеуін мүлтіксіз пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

Ю.Путинцева 1/8 финалға шығу үшін әлемнің 10-ракеткасы, франциялық Каролин Гарсия немесе рейтингте 88-орында тұрған украиналық Катерина Байндлдің біреуімен таласады.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Бейжің турнирінде Азиада чемпионымен ойнайтынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Юлия Путинцева Бейжіңде негізгі жарысқа жолдама алғанын хабарлады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера