«Баламен бір күйеуден қалсаң екіншісіне тиме»: Белгілі журналист нақсүйерінің кесірінен көз жұмған балалар өліміне қатысты шындықтың бетін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Баламен бір күйеуден қалсаң екіншісіне тиме»: Белгілі журналист нақсүйерінің кесірінен көз жұмған балалар өліміне қатысты шындықтың бетін ашты

«Баламен бір күйеуден қалсаң екіншісіне тиме»: Белгілі журналист нақсүйерінің кесірінен көз жұмған балалар өліміне қатысты шындықтың бетін ашты

Белгілі журналист, қоғам белсендісі Гүлмира Әбіқай балалар өліміне қатысты өз ойын ортаға салды.

  • 5 Қазан 2023
  • 1989
Фото - Caravan.kz


Ол балақайлардың өліміне әйелдердің нақсүйерлерімен бірге, өздері де қамауға алынғанын талап етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Журналист соңғы кездері жиілеген балалар өлімін тізіп берді.

«Азғындық асқындап барады. Мына 40 жасар еркек бір үйдің титтей егіз қыздарын зорлады деген күдікпен ұсталды. Кешеден бері іздеу жарияланған еді.
Оқиға Алматы облысының Балқаш ауданында болған. Азғындықты біле тұра қос қызының тағдырына көз жұма қарады деген күдікпен анасы да қамалды.
***
2 апта бұрын Балқашқа көршілес Іле ауданында 9 жасар өгей қызын зорлады деген күдікпен 40 жасар азамат ұсталған-ды. Ол кезде де байқұс қыздың анасы бұл “тірлікті” біледі деді жұрт.
***
Кеше ғана Алматыда асқан қатыгездікпен өгей әкесі 4 жасар баланы ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Бұл баланың анасы да осыған дейін ұрған-соққанға көз жұма қарап, соңғы қылмысты жасыруға тырысқан. Баласы өмір мен өлім арасында көз алдында қиналып жатқанына қарамастан жедел жәрдем шақырмады, полицияға дер мезетте хабарламады. Бірақ, ол неге әлі бостандықта жүр?
***
Айналайындар-ау! Баламен бір күйеуден қалсаң екіншісіне тиме деп айта алмаймыз, шектеу де қисынсыз, хақымыз жоқ. Онда бала азғындығына қатысты барлық қылмыста әйел мен еркек теңдей тергелсін!», — деді ол.