Елбасының пайымдауынша, елімізде сайлауды әділетті өткізуге барлық жағдай жасалған - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасының пайымдауынша, елімізде сайлауды әділетті өткізуге барлық жағдай жасалған

Елбасының пайымдауынша, елімізде сайлауды әділетті өткізуге барлық жағдай жасалған

Биылғы сайлауға орай сайлау процессіне қатысты заңнамалық база сапалық тұрғыда жаңаланды. "Бұл сайлаудың әділетті, демократиялық жағдайда ашық өтуіне қажетті барлық алғышарттарды қамтамасыз етеді дегенге сенімім кәміл",- деп мәлімдеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 1-қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысында.

  • 1 Қыркүйек 2004
  • 447
Фото - Caravan.kz

«Біздің бұған мүмкіндігіміз толық , әрі оған қол жеткізуге біз бәрін салуға тиіспіз»,- деді мемлекет басшысы. Н.Назарбаевтың пайымдауынша, «парламент пен үкімет «Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу барысында сыңаржақтықтан бойын аулақ ұстай алды. Ондай болмаған күнде онсыз да ушығып кететін сайлау процессі тіптен шиеленісті ахуалға душар болар еді». Атап айтсақ, «Қазақстанның саяси партиялары сайлау процессінің толыққанды субьектілеріне айналды»,- деді Елбасы.

Елбасының мәліметіне сүйенсек, өткен парламент сайлауында бір мандатты сайлау округі бойынша саяси партиялардан 117 үміткердің аты ұсынылса, қазір 12 партия Орталық сайлау комиссиясында бір мандатты округ бойынша 249, партиялық тізім бойынша 106 үміткердің атын ұсынып отыр. Бұған өз бетімен ат ұсынған 358 адамды және қосыңыз. Сөйтіп, барлық тізім бойынша сайлауға 713 кандидат жіберілді.
Елбасы : «биылғы сайлау — Қазақстан мен жалпы қоғамның саяси қырағылығы мен көрегендігіне тағы бір сын» дегенді тағы бір атап өтті. «Бұл сайлауды қалай өткізгеніміз, мәжілістің жаңа құрамына халық кімді сайлайтыны біздің болашақ дамуымызбен тікелей сабақтас»,- деді президент.

Перейти к новостям спорта