Қазақстан мен Ресейдің жоғарғы қаржылық бақылау органдары Байқоңырда бірлескен тексерулер жүргізбекші - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресейдің жоғарғы қаржылық бақылау органдары Байқоңырда бірлескен тексерулер жүргізбекші

Қазақстан мен Ресейдің жоғарғы қаржылық бақылау органдары Байқоңырда бірлескен тексерулер жүргізбекші

Қазақстанның есеп комиссиясы Ресейдің есеп палатасымен бірлесе отырып Байқоңыр ғарыш айлағындағы қаржының пайдаланылуына бірлескен тексерулер жүргізбекші. Бұл туралы бүгін, 1-қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін өткізілген баспасөз мәслихатында РФ есеп палатасының төрағасы Сергей Степашин мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Қыркүйек 2004
  • 406
Фото - Caravan.kz

Оның түсініктемесіне жүгінсек, бұл шара Мемлекеттік думаның бір топ депутаттарының шағымы бойынша жүзеге асырылады. Депутаттардың айтуынша, Байқоңырды жалға алу құнын азық-түлік өнімдерін беру арқылы есеп айырысу шарасы кезінде 46 млн. теңге қолды боп кеткен-міс. «Осындай тексеруді жүзеге асыруға Нұрсұлтан Назарбаев рұқсат берді»,- деді С.Степашин.

Ол сондай-ақ, 2002-жылы РФ есеп палатасы Байқоңырда қаржылық тексеру жүргізгенін еске салды. «Сол кезде біз, былайша жұмсартып айтқанда, ғарыш айлағын арам ақшаны ағарту шарасын жүзеге асыру орнына айналдырған кейбір біздің мұнай компанияларымызға біршама ескертулер бергеміз»,- деді РФ есеп палатасының төрағасы.
С.Степашиннің айтуынша, алдағы тексеру барысында қажет жағдайда екі мемлекет сарапшылармен алмаса алады. «Тексеру қорытынды бойынша Қазақстан мен Ресейдің жоғарғы қаржылық бақылау органдарының бірлескен алқа мәжілісі өтеді»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта