Жұмаға күн райы болжамы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұмаға күн райы болжамы

Жұмаға күн райы болжамы

6 қазан күні фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ел аумағының қалған бөлігіне антициклон жотасы әсер етіп, жауын-шашынсыз күн райы сақталады.

  • 6 Қазан 2023
  • 11
Фото - Caravan.kz

Барлық өңірде тұман күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста екпінді жел тұрады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақмола облысының орталығы мен шығысында түнде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.

Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аумағында, орталығында, шығысы мен оңтүстігінде аса жоғары өрт қаупі сақталады.


Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында өрт шығу қаупі жоғары.