«9 рет зорлаған»: Түркістан облысында 11 сынып оқушысы 14 жастағы қызды пышақпен қорқытып зорлап тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«9 рет зорлаған»: Түркістан облысында 11 сынып оқушысы 14 жастағы қызды пышақпен қорқытып зорлап тастаған

«9 рет зорлаған»: Түркістан облысында 11 сынып оқушысы 14 жастағы қызды пышақпен қорқытып зорлап тастаған

Түркістан облысында тағы бір сұмдық жайттың беті ашылды.

  • 10 Қазан 2023
  • 559
Фото - Caravan.kz

Мектеп оқушысы 14 жастағы қызды зорлап, ол әлі күнге дейін жазаланбаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі мәлімдеді.

«Бәрі 2022 жылы басталған. 18 жастағы 11 сынып оқушысы 14 жастағы қызбен танысып, оны пышақпен қорқытып, зорлап тастаған. Қыз бала қатты қорыққанынан болған оқиға жайлы ешкімге айтпаған. Бозбала тіпті «егер біреуге айтатың болсаң, өз-өзіме қол жұмсаймын, өлер алдында хат жазып, онда сені кінәлі етемін деп қорқытқан. Осылайша 2023 жылдың шілде айына дейін ол оны 9 рет зорлаған. Қыздың анасы білген кезде, ол Сайрам ауданы полиция бөліміне хабарласқан. Алайда іс әлі сағызша созылып, тергеу жалғасып келе жатыр», — деді заңгер.