Семсерлесуден Азия чемпионаты: Қазақстандықтар 5 медаль алды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семсерлесуден Азия чемпионаты: Қазақстандықтар 5 медаль алды

Семсерлесуден Азия чемпионаты: Қазақстандықтар 5 медаль алды

Алматыда семсерлесуден жастар арасында Азия чемпионаты өтті.
 

  • 10 Қазан 2023
  • 18
Фото - Caravan.kz

Қазақстан командасы бес медальді қанжығасына байлады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform — ға сілтеме жасап. 

Азия чемпионатына 17 елден 200-ден астам спортшы қатысты.

Қазақстан командасы екі «күміс», үш «қола» жеңіп алды.

Атап айтқанда, шпагамен семсерлесуден ерлер және әйелдер командасы екінші орынды иеленді. Александр Савин, Кирилл Павлов, Александр Федотов пен Никита Жулинский ерлер командасының құрамында өнер көрсетсе, әйелдер атынан София Николайчук, Владислава Андреева, Александра Тамбовцева мен Каролина Фомина жүлдеге таласты.

Александр Федотов шпагамен семсерлесуде жеке сайыста қола жүлдегер атанды.

Қылышпен семсерлесуде ерлер және әйелдер командасы жеңіс тұғырына үшінші болып көтерілді. Медаль иегерлері – Қайша Жәнібек, Полина Ко, Диляра Исабекова, Адема Серікбай, Нұрмұхамед Жайлыбай, Қайназар Нұрқатұлы, Артур Чупраков және Қуаныш Ергешбай.

азия чемпионаты семсерлесу

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера