«Ескі вагондар сүйретіліп әлі жүр»: Депутат «Қазақстан теміржолы» компаниясындағы бар былықты ашып айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ескі вагондар сүйретіліп әлі жүр»: Депутат «Қазақстан теміржолы» компаниясындағы бар былықты ашып айтты

«Ескі вагондар сүйретіліп әлі жүр»: Депутат «Қазақстан теміржолы» компаниясындағы бар былықты ашып айтты

Мәжіліс депутаты, журналист Мақсат Толықбай «Қазақстан теміржолындағы» былықты әшкереледі.

  • 11 Қазан 2023
  • 13
Фото - Caravan.kz

Ол 30 жыл бойы аталған компанияның былыққа әбден батқанын атап өтті, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Мәжіліс депутаты бұл ойын Мәжілістің кезекті отырысында айтты.

«Теміржолда қашан тәртіп орнайды? Бұрынғы басшылар 30 жылда теміржолды тек табыс көзіне ғана айналдырған. Ескі Қазақстанның өкілдері осы саланың сөлін сорып, бізге тек қаңқасын ғана қалдырды. Бұл салада сапа мүлдем төмен. Ескі вагондар сүйретіліп әлі жүр, теміржол паркінің 60 пайызы тозған. Терезесі ашылмайтын, кондиционері қосылмайтын, қабырғасында тарақандар өрмелеп жүретін ескі вагондардың өзіне жаз кезінде билет таппайсың. Сөйте тұра, билетті субсидиялауға жыл сайын миллиардтарды санап береміз. Пойыздың жиі кешігуі бөлек мәселе», — деді ол.