"Қатты шыңғырып, көмекке шақырған": Алматыда өзінің екі бірдей туған баласын азаптап өлтірген ер адамға қатысты ел білмейтін дерек тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қатты шыңғырып, көмекке шақырған": Алматыда өзінің екі бірдей туған баласын азаптап өлтірген ер адамға қатысты ел білмейтін дерек тарады

"Қатты шыңғырып, көмекке шақырған": Алматыда өзінің екі бірдей туған баласын азаптап өлтірген ер адамға қатысты ел білмейтін дерек тарады

Алматыда тағы да балалар өліміне қатысты жантүршігерлің оқиға орын алды.

  • 10 Қаңтар
  • 110
Фото - Caravan.kz

Туған әкесі 12 және 8 жастағы ұлдарын бауыздап өлтіріп, болған қылмыстың видеосы балалардың анасына жіберген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Ол аздай қатыгез әке балаларды қалай өлтіргенін бастан-аяқ видеоға түсіріп, әйеліне төрт парақ хат қалдырып кеткен. Марқұмдардың туыстары болса, қаскөйдің мұндай қылмысқа қызғаныштан барғанын айтып отыр.

Белгілі болғандай, бұрынғы ерлі-зайыптылар осыдан тоғыз жыл бұрын ажырасып кеткен көрінеді. Ақыр соңында күйеуі бүкіл өкпе-назын қағаз бетіне түсіріп, балаларын өлтіріп, өш алмақ болыпты-мыс.

Қайғылы оқиға Райымбек даңғылы мен Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы көпқабатты үйде болған. Өткен бейсенбіде қатігез әке №30 пәтерді бір тәулікке жалдап, өзінің екі баласын кіргізеді.

Болжам бойынша сол үйде балаларын пышақтап тастаған. Өлерінде жанұшыра шыңғырған балайқалардың дауысын көршілер естіпті. Бірақ ешкім айтарлықтай мән бермеген. Өйткені бұл пәтер жалға берілетін болған соң, кім көрінген кіріп-шығып, әрқайсысы ылаң салып кетеді екен.

"Бұл пәтер сағатына да, тәулігіне де беріледі. Әйтеуір түрлі адамды көреміз. Ылғи у-шу. Жалға алушылар шыңғырып, неше түрлі істейді. Иесі өз пәтерін бақылауда ұстамауынан осындай оқиға болып отыр",-деді қала тұрғыны Валерий.

Әкесі мен балаларының бір дастарқан басында отырған суретіне қарап, бұлай болады деп ешкім ойламаған. Кішісі Рафаэльдің дәм -ұзы небәрі 9 жасында таусылып отыр. Үлкені Ринат 12 жаста. Сол күні әкесі менингитпен ауырған кіші баласын ауруханаға апарамын деген желеумен үйден алып кеткен.

"Пәтерде ол балаларды тамақтандырып, теледидарды қосып берген. Өзі 3-4 бет хат жазған. Осыдан кейін ұлдарына кіріскен. Біреуінің аузынан құлағына дейін кесіп тастаған. Екеуінің мойны кесілген. Көршілер бір баланың балконға шығып «көмектесіңдер» деп айқайлағанын естіген екен. Ақыр соңында өзіне пышақ сұғып, жансақтау бөліміне түсті. Қазір ауруханада жатыр",-дейді марқұмдардың әжесі Валентина Осина.

Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.