Алматы іргесіндегі даулы "Алтын орда" базарын тәртіпке келтіру жайлы айтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы іргесіндегі даулы "Алтын орда" базарын тәртіпке келтіру жайлы айтылды

Алматы іргесіндегі даулы "Алтын орда" базарын тәртіпке келтіру жайлы айтылды

 

  • 15 Қаңтар 2024
  • 6
Фото - Caravan.kz

Алматы облысында "Алтын орда" базары цифрландырылып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Былтыр желтоқсаннан бастап базар аумағының 6 кіреберісінде QR-кодтары бар автоматты шлагбаумдар мен кіру ақысын төлеу үшін павильондарда 6 POS-терминал орнатылған.

Сонымен қатар, "Алтын Орда" базарын цифрландыру бойынша altynordaresmi.kz ақпараттық веб-сайты іске қосылған, онда азаматтарға қолжетімді сауда орындарының саны, олардың алаңы, жалдау құны туралы ақпаратты, сондай-ақ жалдау (пайдалану) шартының талаптары, оны бұзу тәртібі мен негіздері туралы ақпарат қамтылған.

Базар басшылығы тарапынан кері байланыс алу үшін онлайн-шағым беру және ұсыныс енгізу мүмкіндігі енгізілді. Бұл шаралар базар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және бюджетке салық төлемдерінің түсімдерін ұлғайту үшін қабылданған.