Д.Ахметовтың айтуынша, «бәсекелестікке қабілетті экономиканың іргетасын қалау үшін 2005-жылы Жалпы Ішкі Өнімнің нақты өсімін өткен жылғымен салыстырғанда 7,9 проценттен кем емес мөлшерде, ал инфляцияның жылдық орташа деңгейін 7 проценттен аспайтындай мөлшерде қамтамасыз ету қажет».
Үкімет басшысы 2004-жылы инфляция деңгейі 6,7 процентті, жұмыссыздық деңгейі 8,4 процентті құрағанын еске салды.
«2005-жылы үкімет пен Ұлттық банк экономиканың «әсіре қызынуына» жол бермейтіндей және ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін қолдауға жағдай жасайтындай макроэкономикалық алғышарттарды қалыптастыруға, валюталық тәртіпті ырықсыздандыруға және қаржылық жүйені халықаралық стандартқа көшіруге дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыруға бар күшін салады»,- деді Д.Ахметов.