Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылы КТК мұнай құбыры жүйесімен тасымалданған мұнайдың жалпы көлемі 22,5 млн. тоннаны құрады. КТК басшылығының пікірінше, жүйені кеңейту КТК құбыр жүйесінің қуатын қосымша 10 мұнай айдау станциясын, қосымша резервуарлар мен үшінші причал қондырғыларын салу арқылы жылына 67 млн. тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді.
КТК-ның негізін қалаушы үкіметтердің үлес салмағы мынадай : Россия — 24%, Қазақстан — 19%, Оман Сұлтандығы — 7%.
Консорциумға қатысушы жеке меншік мұнай компанияларының үлесіне келсек : Шеврон Каспиан Пайплайн Консорциум Компани — 15%, ЛУКАРКО Б.В. -12,5%, Роснефть-Шелл Каспиан Венчерз Лтд. — 7,5%, Мобил Каспиан Пайплайн Компани — 7,5%, Аджип Интернешнл Н.В. — 2%, БГ Оверсиз Холдинг Лтд. — 2%, Қазақcтан Пайплайн Венчерз ЛЛС — 1,75% и Орикс Каспиан Пайплайн ЛЛС — 1,75%.