"Бәйтерек" ғарыштық-зымыран кешенінің техника-экономикалық негіздемесі 2005-жылы жасалады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бәйтерек" ғарыштық-зымыран кешенінің техника-экономикалық негіздемесі 2005-жылы жасалады

"Бәйтерек" ғарыштық-зымыран кешенінің техника-экономикалық негіздемесі 2005-жылы жасалады

"Бәйтерек" ғарыштық-зымыран кешенінің техника-экономикалық негіздемесін жасап бітіру 2005-жылға межеленіп отыр. Бұл туралы бүгін, 1-ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Ақпан 2005
  • 693
Фото - Caravan.kz

«Біз биыл техникалық жоба мен жұмысшы жобаны жасау сатысына көшуге тиіспіз»,- деп атап көрсеткен Д.Ахметов «Қазақстан өз тарихында тұңғыш рет ғарыштық кешенге иелік жасайтын болды» деді. «Үш жылдан кейін біз жеңіл және ауыр класқа жататын зымырандарды ұшыра бастаймыз. Бұл әрине еліміз үшін бірегей құбылыс болумен бірге тұңғыш рет ғарыштық держава ретінде Қазақстан әлемнің жоғары деңгейде дамыған мемлекеттерімен бәсекелесе бастайды»,- деді ол.

Сондай-ақ, үкімет басшысының айтуынша, 2006-жылдың желтоқсан айында Қазақстанның тұңғыш байланыс жер серігі «KazSat» ұшырылады деп күтілуде. «Бұл ақпараттық қауіпсіздік саласындағы технологиялық ілгерілеушіліктерге түрткі болумен бірге еліміздің валюталық қорын үнемдеуге және байланыс қызметін дамытуға ықпалын тигізеді»,- деді үкімет басшысы.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы болып табылатын «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенінің жоспар-жобасы Ресейдің «Ангара» зымыран-ғарышық кешенінің негізінде жасалуда. «Бәйтеректі» Қазақстан мен Ресей тең үлеспен бөліп пайдаланады деп күтілуде.
«Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешені ғарыштық аппараттарды ұшыруға арналған. Онда ғарыштық жанар-жағармайдың оттегі және керосин сынды экологиялық таза компоненттерімен ұшатын зымыран тасығыштар пайдаланылады. Жобаға сәйкес, «Бәйтеректің» құрамында ғарыштық аппараттарды ұшуға әзірлеуге және сынақтан өткізуге арналған жұмыс орындары бар ұшыру кешені мен техникалық кешен болмақ. Сонымен бірге оның құрамына кешенді су, жылу және жарықпен қамтамасыз ететін коммуналдық шаруашылық және өлшем кешенінің нысандары енеді.

Перейти к новостям спорта