Үкіметтің 2005-жылы алға қойған маңызды мақсаттарының бірі ретінде Д.Ахметов «Құрманғазы», «Түпқараған» және «Аташ» жобаларын жүзеге асыруды да атады. «Биыл Амангелді газ кенішін дамыту жұмыстары да одан әрі жалғасады»,- деді үкімет басшысы.
Бүгінде «ЛУКОЙЛ» ААҚ «Хвалынская» құрылымында «ҚазМұнайГаз» ҰК-мен, ал «Центральная» құрылымында «ҚазМұнайГаз» ҰК , «Газпром» ААҚ-ымен бірлесе отырып геологиялық барлау жұмыстарын жүзеге асыруда. Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК-мен бірлесу негізінде Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты орталық бөлігіндегі «Түпқараған» (Өзара өнім бөлісу тәртібі бойынша) және «Аташ» (Бірлескен кәсіпорын аясында) теңіз жобалары бойынша геологиялық барлау жұмыстары жүзеге асырылуда.
«Құрманғазы» құрылымын «ҚазМұнайГаз» ҰК Ресейдің «Роснефть»компаниясымен бірлесе отырып игереді. Қазақстан және Ресей үкіметтерінің бұйрығымен екі компания да 2002-жылы Құрманғазы жобасы бойынша уәкілетті ұйымдар ретінде іріктелген. Бірлескен жобаның 25 проценттік үлесін «Роснефть», 50 процентін «ҚазМұнайГаз» ҰК, қалған 25 процентін опциондық сауда-саттық нәтижесінде Ресейдің «Зарубежнефть» компаниялары иемденеді.