«Үкімет мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыру барысындағы бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған жұмыстарды одан әрі жалғастырады»,- деді үкімет басшысы. «Экономиканың бәсекелестікке қабілетті салаларын күшейтуге бағытталған жүйелі шараларды жүзеге асыру одан әрі жалғасады».
Үкімет басшысының хабарлауынша, 2005-жылы электр қуаты саласында «Орны толтырылатын электр қуаты көздерін пайдалану туралы» заңның жобасы жасалады. Биыл сондай-ақ еліміздің оңтүстігі үшін айрықша қажетті, қуаты 250 мегаватты құрайтын Мойнақ су электр станциясының құрылысы басталады. «Бұл жұмыс 2005-жылдың шілде айына дейін қолға алынады»,- деді үкімет басшысы.
Темір жол транспорты саласын қайта құрылымдау саласында 85 құқықтық-нормативтік құжаттың жобасы жасалып, «олар осынау бәсекелі саладағы арақатынастарды үйлестіретін болады».
«Телекоммуникациялар саласында саланы ырқына жіберу, тарифтердің теңдігін еңсеру бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасын тауып, ұлттық ақпараттық супермагистральды тарту жұмысы аяқталады». Сонымен бірге, Д.Ахметовтың айтуынша, «электрондық үкімет құру жөніндегі алғашқы пилотты жоба жүзеге асырыла бастайды».
Үкімет Қазақстанды Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке қабылдату және ИСО стандарттарын енгізуге шаралар қолданады.
2005-жылы индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудың алғашқы дайындық кезеңі аяқталады. «Стратегияны одан әрі жүзеге асыру нәтижесінде кәсіпкерлік ахуал жақсарып, қажетті кәсіпкерлік инфрақұрылым қалыптасады, әріптестік байланыстар аясы кеңейіп, үкімет тарапынан жеке меншік сектордың бастамаларына назар аудару мен ашықтық артады»,- деді ол.
Д.Ахметов «ғылыми және ғылыми-техникалық іс-қызметтер жүйесін құрылымдық-инстуционалдық дамытуды одан әрі жалғастыру қажет» деп санайды. «Инновациялық іс-қызмет туралы заңның жаңа нұсқасы жасалуы тиіс»,- деді ол.