Мемлекет басшысы үкіметтің алдына бірнеше мақсат қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.82
  • 559.9
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы үкіметтің алдына бірнеше мақсат қойды

Мемлекет басшысы үкіметтің алдына бірнеше мақсат қойды

Бүгін, 1-ақпанда Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің алдына бірнеше мақсат қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Ақпан 2005
  • 367
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, президенттің пікірінше, елімізде ұлттық индустриялық-инновациялық жүйені дамыту бағдарламасын қабылдау қажет. Осыған байланысты мемлекет басшысы 2005-жылы республика үкіметі трансұлттық 30 компанияны өңдеу өнеркәсібіне тартуы тиіс екеніне тоқталды.

Н.Назарбаев «республика тұрғындары әлеуметтік жаңартулардың игілігін нақты тұтынуы» үшін білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыздық салаларында күрделі жүйелі қадамдарды жүзеге асыру қажеттігін атап көрсетті.
Елбасы тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту бағдарламасы мен экономиканы легализациялау бағдарламасын жасап бітіріп, жылдың алғашқы тоқсанында үкіметтің қарауына ұсынуды үкіметке тапсырды.
Шағын несиені дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны екі аптада талқылауға ұсыну және акциялардың мемлекеттік қоржынын басқару жөніндегі холдинг құру туралы міндеттеме берілді.
Мемлекет басшысы жұмыс бағытына жатпайтын активтерді иемденгені үшін ұлттық компанияларды, банк құрылымдары мен мегахолдингтерді сын тезіне салды. «Бұл жерде әңгіме оларды бөлшектеп, активтерін тартып алу туралы болып отырған жоқ. Компаниялар осындай активтерден бәсекелі ортаға сату арқылы нарық заңдылығына сәйкес бас тартуы тиіс»,- деді Н.Назарбаев. Елбасының пікірінше, «осындай монополияның кесірінен шағын және орта бизнесті дамытуға кеңістік жетіспей отыр». Профильден тысқары активтерді иемденудің мысалы ретінде президент «Қазақстан темір жолы» ҰК мен «ТұранӘлемБанкі» АҚ-ын атады. Осыған байланысты Н.Назарбаев үкіметке «активтерді рынокқа шығарудың оңтайлы тетіктерін ойластыру» туралы тапсырма берді.