Байқоңырдағылар 2005-жылғы бірінші ғарыштық ұшырылымға дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдағылар 2005-жылғы бірінші ғарыштық ұшырылымға дайындалуда

Байқоңырдағылар 2005-жылғы бірінші ғарыштық ұшырылымға дайындалуда

"Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының 2005-жылғы ғарыштық бағдарламасы "Протон-М" зымыран тасығышының АҚШ-тың АМС-12 телекоммуникациялық жер серігін алып ұшуымен басталады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Байқоңыр" ғарыш айлағының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Ақпан 2005
  • 390
Фото - Caravan.kz

31-қаңтарда жер серігі мен зымыран тасығыш ұшу алаңына шығарылып, айлақ мамандары аппарат жүйелерін ұшу алдындағы тексеруге кірісті. Ертең, 2-ақпанда мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, онда ұшырылым туралы шешім қабылданады. «Протон» 3-ақпанда ұшырылады деп межеленген.

Сонымен бірге 28-ақпанда «Союз-5» зымыран тасығышын алып «Прогресс» жүк кораблі ұшырылады. Ол Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, отын және құрал-жабдықтарды жеткізеді.