Министрдің айтуынша, бүгінде көгілдір отын құбырының қуаты жылына 54 млрд. текше метрді құрайды. «Бірнеше кезең арқылы біз бұл қуатты жылына 100 млрд. текше метрге дейін жеткізуді көздеп отырмыз»,- деді В.Школьник.
Газ құбырының транзиттік әлеуетін арттыруға 3,1 млрд. доллар жұмсалады. «Бұл қаржы республикалық бюджет есебінен бөлінеді»,- деді министр.