Халық банкі стратегиялық негізгі әріптесін ақпан айының аяғына дейін таңдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық банкі стратегиялық негізгі әріптесін ақпан айының аяғына дейін таңдайды

Халық банкі стратегиялық негізгі әріптесін ақпан айының аяғына дейін таңдайды

Қазақстан Халық банкі негізгі стратегиялық әріптесін Еуропалық ірі банктердің арасынан ақпан айының аяғына дейін таңдайды. Бұл туралы бүгін, 2-ақпанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Халық банкі басқармаларының төрағасы Григорий Марченко мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Ақпан 2005
  • 434
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Еуропалық банктердің арасынан әріптес таңдау — Халық банкінің жаңа стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Стратегияның басты бағыттарының біріне сәйкес банк орта мерзімді перспективада еуропалық стандарттарға көшуді межелеген.

Г.Марченконың хабарлауынша, Халық банкінің потенциалдық стратегиялық әріптестерінің саны екіден үшке жетті. «Біз стратегиялық әріптес тарту жұмысын маусым айында аяқтауды жоспарлап отырмыз»,- деді ол. Бұл сауда-саттықтың бір шарты — таңдап алынған әріптеске Халық банкі акцияларының 25 процентін сатуға саяды.