ҚР ауылшаруашылығы министрлігі агроазық-түлік бағдарламасын жүзеге асыруға арналған қаржының біраз бөлігін игере алмады - есеп комитеті - kaz.caravan.kz
  • $ 508.3
  • 592.17
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ауылшаруашылығы министрлігі агроазық-түлік бағдарламасын жүзеге асыруға арналған қаржының біраз бөлігін игере алмады - есеп комитеті

ҚР ауылшаруашылығы министрлігі агроазық-түлік бағдарламасын жүзеге асыруға арналған қаржының біраз бөлігін игере алмады - есеп комитеті

2003-2004-жылдары құқықтық-нормативтік актілерді дер кезінде жобаламауға және бюджет қаржысын жұмсау жөнінде кейбір бағыттар бойынша нақты тетіктердің болмауына байланысты мемлекеттік агроазық-түлік бағдарламасын жүзеге асыруға арналған қаржы толық көлемде игерілмей қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Ақпан 2005
  • 396
Фото - Caravan.kz

Мәселен, 2003-жылы «Ауылшаруашылығы өндірісін табиғи сипаттағы зілзалалар мен малдың қатерлі індеттерінен сақтандыруға қолдау көрсету жөніндегі» бағдарламаны орындау мүмкіндігі қамтамасыз етілмеген. 2003-2004-жылдары ауылшаруашылығы өнімін өндірушілермен арада сақтандыру туралы келісім-шарттары жасалмаған. Сонымен бірге технологиялық мал сою желісінің жабдықтарын дер кезінде сатып алып орнату, өндірістік база желісін қалыптастыру, ауылдарда ақпараттық-консультациялық орталықтар мен несиелік серіктестіктер желісін құру шаралары іске асырылмағандықтан, бұл республикалық бюджет қаржысын тиімсіз пайдалануға апарып соқты.

«Сонымен бірге рынокта жаңаша өңделген және жаңа технологияға негізделген жаңа өнімдердің пайда болғанына қарамастан, малшаруашылығы өнімдерін сатып алып өңдеу ескірген Мемлекеттік стандарттардың негізінде жүзеге асырылуда»,- дейді есеп комитетіндегілер.
«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» атты бағдарламаның орындалуына бақылау жасау барысында белгілі болғанындай, ауылшаруашылығы министрлігі бюджеттік сұраным жасаған кезде ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыбы мен өндірісті ғылыми қамтамасыз ету бағыттары бойынша бюджет қаржысына деген нақты сұранысқа негіздеме есептер жасамаған. «Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижесін тәжірибе жүзінде пайдалануға кері әсер етуде»,- дейді есеп комитетіндегілер.

Перейти к новостям спорта