«Біз Батыс Еуропадан Ресей мен Қазақстан аумағы арқылы Қытайдың батыс жағалауына дейін ең қысқа жол салудың бірегей мүмкіндігін анықтадық»,- деді Д.Ахметов. Оның айтуынша, жол Еуропа — Санкт-Петербург — Москва — Қазан — Оренбург — Қызылорда — Ташкент — Қорғас бағытында өтеді. «Бұдан төте жол жоқ, сол себепті ол жоғары деңгейде бәсекелестік қабілетке ие болмақ»,- деді үкімет басшысы.
Д.Ахметовтың айтуынша, екі елдің үкімет басшылары даму институттары — «Қазына» мен «Ақ барысқа» аталмыш автомагистральді салу мүмкіндіктерін зерттеуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті