«Біз Қорғаныс министрлігінің құрылымына өзгерістер енгіздік, құрылым бекітілді, және де жақын күндері мен оған жан-жақты түсініктеме беретін боламын. Біз министрліктің әскери және азаматтық құрамды бөлігінің арасын ашық бөлуіміз қажет, бұл басқарудың айқын жүйесін құруға мүмкіндік береді»,- деді Д. Ахметов.
«Қандай да бір дәрежеде бір-бірін қайталайтын және де жаңа Әскери доктринаның талаптарына сай емес бірқатар құрылымдар қысқартылатыны сөзсіз»,- деп қосты ол. Қорғаныс министрі сондай-ақ, жуықта құрылған әскери дайындық департаментінің арқасында «әскер дайындығының деңгейі айтарлықтай өсетін болады», деп санайды.
Сонымен қатар, министр қазіргі уақытта министрлікте құрылған жұмыс тобы «армияға тән емес функцияларды бәсекелес ортаға кезең-кезеңмен өткізу жайын қарастырып жатқандығын хабарлады. «Бұл жұмыс жүріп жатыр және де ол жақын арада тиісті шешімін табады»,- деп атап көрсетті ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті