Қарағанды облысында өндірісте екі адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында өндірісте екі адам қаза тапты

Қарағанды облысында өндірісте екі адам қаза тапты

АСТАНА. 12-сәуір. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында "Қазақмыс" корпорациясы мен Теміртаудың "Казмеханомонтаж" зауытында екі адам қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Сәуiр 2007
  • 324
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 11-сәуірде 01 сағат 20 минутта желілік электрик электр жалғастыру желісінің бағанында жұмыс істеп жүріп тоққа соғылды. «Жарақат салдарынан 22 жастағы жұмысшы ауруханада қайтыс болды», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге Теміртаудағы «Казмеханомонтаж» зауыты ЖШС-інде 14 сағатта токарь цехында 3Х6 метрлік жабын плита құлады. «49 жастағы слесарь-құрастырушы үйінді астында қалды. Ол жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды», деп хабарлайды мекеме. 15 сағат 30 минутта мәйіт үйінді астынан алынды.

«16 сағатта апаттан құтқару жұмыстары аяқталды. Құлау қаупі енді жоқ», деп хабарлайды баспасөз қызметі. Төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға 29 адам мен 8 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 17 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті