Байқоңырға "Globalstar" спутниктері жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырға "Globalstar" спутниктері жеткізілді

Байқоңырға "Globalstar" спутниктері жеткізілді

БАЙҚОҢЫР. 13 сәуір. Kazakhstan Today. Кеше "Юбилейный" аэродромына төрт телекоммуникациялық "Globalstar" спутнигі жеткізілді,-деп хабарлайды "Байқоңыр" Федералды ғарыш агенттігінің баспасөз қызметінен.

  • 13 Сәуiр 2007
  • 419
Фото - Caravan.kz

Ғарыш аппаратттары мен олардың қосалқы қондырғылары 31 алаңның монтажды-тексеру корпусына жеткізілді. Онда спутниктер ұшырылуыға дайындалмақ.

«Сонымен «Globalstar» спутниктері ғарышқа ұшырылатын болды,-деді баспасөз қызметіндегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыдай бұрын Байқоңыр ғарыш айлағына «Союз-ФГ» және «Фрегат» жылдамдық алу бөлігі жеткізілген еді. Олар «Globalstar» саттелит-спутниктерді орбитаға алып шығады.

Төрт бірдей «Globalstar» серіктерді тиеген «Союз-ФГ» кемесі ғарыш кеңістігіне 2007 жылы мамырдың екінші жартысында ұшырылады деп жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті