Байқоңырда лауазым иесін сатып алуға әрекет жасаған екі шетелдік құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда лауазым иесін сатып алуға әрекет жасаған екі шетелдік құрықталды

Байқоңырда лауазым иесін сатып алуға әрекет жасаған екі шетелдік құрықталды

БАЙҚОҢЫР. 13-сәуір. Kazakhstan Today. Байқоңырда Қызылорда облыстық ҰҚКД қызметкерлері лауазым иесін сатып алуға әрекет жасаған екі шетелдікті құрықтады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Сәуiр 2007
  • 351
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, лауазым иесіне 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара беріп жатқан сәтте «Тайбурыл-Мұнай» ЖШС мұнай компаниясының қызылордалық филиалының директоры және осы филиалдың қызметкері болып істейтін екі шетел азаматы құрықталды. «Олар шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту үшін лицензия алуға талпыныс жасаған»,- дейді баспасөз қызметіндегілер.

Бұл дерек бойынша ҰҚКД тергеу бөлімі ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің «пара беру» жөніндегі 312-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті