Оның сөздеріне сүйенсек, 16-17-сәуірдегі сапар барысынада Маңғыстау облысы мен Әзербайжан арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту мәселелері талқыланады.
«Ынтымақтастықты кеңейтуге екі жақтың да өзара қызығушылығы байқалады. Сапар барысында Қ. Көшербаев Батыс Қазақстандағы жұмыстарға арналған нақты іс-әрекеттер жоспары бар 15 -20 әзербайжандық компанияларымен кездеседі»,- деді Э. Меджидов.
Оның айтуынша, Әзербайжан жағы Маңғыстау облысының әкімінен компаниялардың Батыс Қазақстандағы іс-қызметі үшін көмек көрсетуді сұрайды.
Э. Меджидов AZPROMO-ның сәуірде Ақтау қаласында өзінің өкілдігін ашу жөніндегі жоспарына қатысты жұмыстың аяқталу сатысында тұрғандығын атап өтті. Өкілдіктің функциясына әзербайжандық компанияларға Қазақстандағы экономикалық ахуал туралы, елде өткізіліп жатқан тендерлер туралы, заңдардағы өзгерістер туралы ақпараттар беру кіреді. Сонымен қатар, кеңсе компанияларға бас қосулар, көрмелер өткізу барысында ұйымдастырушылық тұрғыдан қолдау көрсететін болады.
AZPROMO-ны Экономикалық даму министрлігі 2003 жылы құрған болатын. Оның функцияларының арасында инвестиция мен экспортты ынталандыру мәселесі де бар. Қамқорлық қорының кеңесіне министрліктер мен ведомстволар, халықаралық ұйымдар, сонымен қатар жеке компаниялар кіреді.
2006 жылдың желтоқсанында экономикалық даму министрі Гейдар Бабаев басқарған Әзербайжан өкілдері екіжақты ынтымақтастықты дамытудың болашағын талқылау мақсатында Ақтау қаласына іс-сапармен келген болатын. Атап айтқанда, Әзербайжан компанияларын Батыс Қазақстандағы қызмет көрсету саласы қызықтырады. Олар, сондай-ақ, ауылшаруашылық өнімдерін, соның ішінде жеміс-жидек, көкөністер тасымалдауға және оларды Қазақстан компанияларымен бірлесе отырып құрылған, немесе, 100 пайыз қазақстандық капиталмен құрылған кәсіпорындарда қайта өңдеуге қызығушылық танытуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті