Теміртауда қойма аумағында өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда қойма аумағында өрт шықты

Теміртауда қойма аумағында өрт шықты

АСТАНА. 16-сәуір. Kazakhstan Today. Қарағанды облысының Теміртау қаласында қойма аумағында өрт шықты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Сәуiр 2007
  • 443
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Жер Арна» ЖШС пайдаланылмайтын қоймасының аумағында 15-сәуірде 6 сағат 25 минутта 1200 шаршы метр аумақта шатыр мен жабын жанып, артынан ол құлап қалды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт 9 сағат 53 минутта сөндірілді. Өрт сөндіру жұмыстарына ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 17 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті