Мәселен, мекеме ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысының Балхаш қаласында Балхаш көлі маңындағы «Старые площадки» саяжай учаскелерінің маңында 15-сәуірде 16 сағат 35 минутта 50 жастағы ер адам қайығы аударылып суға батып кетті. Мәйітті судан құтқару қызметінің күштері судан шығарып алды.
Сол күні Маңғыстау облысының Қарақия ауданында Каспий теңізінің жағалауында 20 сағатта су астына сүңгу барысында 1945-жылғы ер адам суға батып кетті. Мәйітті судан құтқару қызметінің күштері іздестіріп жатыр.
Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының Қорнақ ауылдық округінде Атабай су қоймасында 15-сәуірде 15 сағатта 19 жастағы бозбала суға батып кетті. Мәйітті судан құтқару қызметінің күштері іздестіріп жатыр.