Әкімшілік реформалардың тұжырымдамасы президентке 2008-жылы таныстырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкімшілік реформалардың тұжырымдамасы президентке 2008-жылы таныстырылады

Әкімшілік реформалардың тұжырымдамасы президентке 2008-жылы таныстырылады

АСТАНА. 16-сәуір. Kazakhstan Today. Әкімшілік реформалардың тұжырымдамасы президентке 2008-жылы таныстырылады. . Бұл туралы бүгін парламентте өткен үкіметтік сағатта республика үкімет басшысының орынбасары - экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 16 Сәуiр 2007
  • 506
Фото - Caravan.kz

«Біз құжаттарды мемлекет басшысының қол қоюына 2008-жылдың басында түпкілікті ұсынуға тиіспіз»,- деді А.Мусин.

Вице-премьердің айтуынша, қазір барлық мүдделі жақтар алдағы реформалар тұрғысында «ортақ түсінікке келу үшін» тұжырымдаманы жан-жақты талқылап жатыр.

Тұжырымдамаға мемлекеттік басқару жүйесінде қол қойылғанға дейін, вице-премьердің айтуынша, алдағы әкімшілік реформаның жекелеген тұстары біртіндеп енгізіле бастайды, сол үшін үш пилотты министрлік таңдап алынды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті