Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қорғас» өткізу бекетінде шекарашылар кеден бекетінің контрабандамен күрес бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып Қытайға шықпақ болған Қазақстан азаматын ұстады. «Оны ұстауға декларацияда көрсетілмеген 18 мың АҚШ доллары мен 256 юань себеп болды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Осы дерек бойынга тексеру жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті