"Қару - 2007" атты жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңінде заңсыз айналымнан 796 қару-жарақ тәркіленді - ҚР ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қару - 2007" атты жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңінде заңсыз айналымнан 796 қару-жарақ тәркіленді - ҚР  ІІМ

"Қару - 2007" атты жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңінде заңсыз айналымнан 796 қару-жарақ тәркіленді - ҚР ІІМ

АСТАНА. 16 - сәуір. Kazakhstan Today. "Қару - 2007" атты жедел-профилактикалық іс-шарасының сәуірдің 9 мен 15-і аралығында өткен екінші кезеңінде заңсыз айналымнан 796 қару-жарақ тәркіленді. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қанат Түксаитов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 16 Сәуiр 2007
  • 471
Фото - Caravan.kz

Қанат Түксеитовтың мәліметтеріне сүйенсек, іс-шараның екінші кезеңінде 67 ойындылы қару, соның ішінде 46 мылтық пен карабин, 4 тапанша, газ қаруынан жасалған 4 тапанша, сондай-ақ қолдан жасалған 28 қару тәркіленген. Сонымен қатар, комитет төрағасының айтуынша, полицейлер 673 тегіс оқпанды қару тәркілеген, оның 161 ойындылы, 28 газды қару.

«Сондай-ақ, 1400 оқ-дәрі, 35 килограмнан астам жарылғыш заттар, 23 жарылғыш құрылғы, соның ішінде 13 граната тәркіленген»,- деп қосты Қ. Түксаитов.

Ол сондай-ақ, жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу кезінде республика азаматтары өз еркімен 2297 қару тапсырған, олардың 660 ойындылы қаруға, 1373 — тегіс оқпанды қаруға жатады»,- деп атап өтті комитет төрағасы. Оның ақпараттарына сүйенсек, осы кезеңде тұрғындар өз еркімен 8727 оқ-дәрі, 5 килограмдай жарылғыш заттар және 30 жарылғыш құрылғы, соның ішінде 7 граната тапсырған.

Бұрын хабарлағанымыздай, «Қару — 2007» жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңі үстіміздегі жылдың ақпанында өткен болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті