Ақмола облысында темір жол төсенішінің су ішінде қалуы салдарынан поездар қозғалысының кестесі бұзылды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында темір жол төсенішінің су ішінде қалуы салдарынан поездар қозғалысының кестесі бұзылды

Ақмола облысында темір жол төсенішінің су ішінде қалуы салдарынан поездар қозғалысының кестесі бұзылды

АСТАНА. 17-сәуір. Kazakhstan Today. Ақмола облысында темір жол төсенішінің су ішінде қалуы салдарынан поездар қозғалысының кестесі бұзылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Сәуiр 2007
  • 673
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, 45 метрлік темір жол төсеніші Тасты-Талды — Боранкөл өткелінің 144-ші шақырымында Тасты-Талды өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан су ішінде қалған.

«Соның салдарынан Арқалық пен Астана арасында қатынайтын жолаушылар тасымалдаушы №603 поезд пен Арқалық пен Қостанай арасында жолаушылар тасымалдайтын №621 поезд Тасты-Талды станциясынан кешігіп жолға шықты»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мекеме ақпаратына сәйкес, темір жол төсенішін қалпына келтіру жұмыстары сейсенбі күні 2 сағат 10 минутта аяқталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті