Сенат химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат  химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

Сенат химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

АСТАНА. 17-сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 17 Сәуiр 2007
  • 390
Фото - Caravan.kz

Сенаторлар редакциялық және нақтылау сипатындағы өзгерістер мен заң жобасы нормаларын қолданыстағы заңнамамен сәйкестендіруге бағытталған түзетулер енгізді.

«Заң жобасы «Техникалық реттеу туралы» заңды жүзеге асыру аясында жасалған, онда химиялық өнімді жасау, өндіру, қолдану, сақтау, таңбалау, орау, тасымалдау, сату және пайдалы жарату сатыларында қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, техникалық және әкімшілік кедергілерді жою талаптары бар»,- делінген мәжілістің экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комитетінің қорытындысында.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті