Қазақстан мен Өзбекстан президенттері телефонмен екі жақты ынтымақтастықтың басты бағыттары жөнінде әңгімелесті - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері телефонмен екі жақты ынтымақтастықтың басты бағыттары жөнінде әңгімелесті

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері телефонмен екі жақты ынтымақтастықтың басты бағыттары жөнінде әңгімелесті

АСТАНА. 17 сәуір. Kazakhstan Today. Кеше Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов телефонмен екі жақты ынтымақтастықтың басты бағыттары жөнінде әңгімелесті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

  • 17 Сәуiр 2007
  • 356
Фото - Caravan.kz

Президенттер әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың басты бағыттары мен өткен жылы президенттердің өзара сапарлары кезінде қол жеткізген келісімдерінің жүзеге асу жолдары туралы сөйлесті. Екі жақ та сауда-экономикалық қарым-қатынастың жемісті жүріп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, Н.Назарбаев пен И.Кәрімов Орта Азиялық аймақтағы оқиғаларға тоқталып, аймақтық қауіпсіздікті нығайту, экстремизм мен терроризмге қарсы тұруға қатысты мәселелерді талқылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті